RU
Украинадан келген танымал диетолог еліміздегі семіздік туралы айтты
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Украинадан келген танымал диетолог еліміздегі семіздік туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Украинаның танымал диетологы Алматы және Астана қалаларында дұрыс тамақтану жөнінде семинарлар өткізуде. Елордадағы бүгінгі басқосуда ол Қазақстанда толық адамдарды байқамағанын айтты деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Украинадан келген танымал диетолог Қазақстанда семіз адамдарды байқамағанын айтты

Оксана Скиталинская. Фото: www.obozrevatel.com

Сонымен бірге, ол шай мен етті көп тұтынатын қазақстандықтардың дұрыс тамақтануға ден қоя бастағанын оң бағалады.

Оксана Скиталинская қуырылған тамақтан бас тарту керектігін ескертті. Ал зиянды саналатын кофенің көп ауруға ем болатынын жеткізді.

"Ұлттық тағамдарыңызды сорпамен ұсынады. Сорпада май көп болмау керек", - деді ол.

Сонымен қатар, танымал диетолог күнбағыс майының орнына мүмкін болса, зәйтүн майын қолдану жөнінде кеңес берді.

Оксана Скиталинская жиналғандардан қаншалықты уақытылы ұйықтайтындарын сұрады. Өкінішке орай, залдағы жұрттың дені тым кеш жататын болып шықты.

Диетолог Астанада ауаның тазалығын да тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
4
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel