RU
Шымкентте сегізінші наурыз күні бірден 57 сәби дүние есігін ашқан (фото)

Шымкентте сегізінші наурыз күні бірден 57 сәби дүние есігін ашқан (фото)

Рассказать Вконтакте

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде еліміздің үшінші мегаполисі   Шымкентте 57 сәби дүниеге келді. Оның 31-і қыз бала болса, 26 ұл бала екен. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Шымкентте 8 наурыз күні бірден 57 сәби дүние есігін ашқан (фото)

Фото: Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Шымкент қалалық перинаталды орталықтың әкімшілігі мейрам күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды құттықтады.

Олардың әрбіріне гүл шоқтарын сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар тарту етті.  

Сәбиін құшағына басқан аналар бақытты. Құттықтаулармен қоса, сый-сияпатқа кенелді . Бұл күні өмірге ұрпақ әкелген аналар мегополистің ғана емес, еліміздің демографиясына қомақты үлес қосқаны ақиқат.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың арасында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлерінің қатарын арттырғандар да бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel