RU

Эфиопияда 157 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Эфиопияның Аддис-Абеба қаласы маңында 157 адам мінген жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады деп жазады жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ddddd
Көрнекі фото: visit-ug.nwtdemos.com: UGC

Ethiopian Airlines әуекомпаниясының лайнері елорда әуежайынан ұшып шыққан соң 6 минуттан кейін радардан жоғалған.

Ел билігі аталмыш ақпаратты растап отыр.

"Премьер-министр кеңсесі үкімет пен Эфиопия халқының атынан бүгін таңертең Кениядағы Найробиге Boeing-737 ұшағымен бет алып, қайтыс болғандардың отбасыларына және жақындарына қайғыға ортақтасып, көңіл айтады", - деп жазылған ресми хабарламада.

Дегенмен, апат салдарынан қанша адам қайтыс болғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Сонымен қатар, аталмыш ұшақта қай елдің азаматтары болғаны туралы ақпарат белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782672-efiopiada-157-adam-mingen-zolausylar-sagy-apatka-syrady.html