RU
Украиналық диетолог майлы тағам жеген астаналық аруды қалай тоқтатты?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Украиналық диетолог майлы тағам жеген астаналық аруды қалай тоқтатты?

Рассказать Вконтакте

Украиналық диетолог Оксана Скиталинская бүгін Астанада дұрыс тамақтану жөнінде семинар өткізіп жатыр. Ол қонақ үйлер мен супермаркеттерде зиянды тағамдарға басымдық беретіндерді жиі мазалайтынын айтады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Танымал диетолог

Оксана Скиталинская. Фото: www.obozrevatel.com

"Дүкендерде зиянды тамақ алып жатқан адамдардың қасына жақын барып, диетолог екенімді, олардың дұрыс таңдау жасамай жатқанын айтамын. Күйеуім тоқтатады.

Бірақ кәсіби диетолог болған соң, адамдардың ауыруына жол бергім келмейді.

Бір қызығы, көпшілігі тыңдайды, бірақ сол зиянды тағамды соңғы рет алып жатқанын, келесіде кеңестеріме құлақ асатын айтып кетеді", - деп ағынан жарылды танымал диетолог.

Оксана Скиталинская Қазақстанда қонақ үйлерде тамақтың түр-түрі тұрғанын, алайда қонақтардың іздеп жүріп зиянды тағамдар таңдайтынына таңғалғанын жасырмады.

"Астанада да қонақ үйде бір жап-жас қыздың майлы, етті тамақ таңдағанын көріп отырып шыдай алмадым. Мамықтай ақ нан, әбден майға піскен ет жеп отыр екен. Қасына барып кәсіби кеңес бердім. Бойжеткен енді бұлай қайталамайтынына сөз берді", - дейді диетолог.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
6
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel