RU

Эфиопиядағы ұшақ апаты: 150-ден аса адам қаза тапқаны анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ethiopian Airlines әуекомпаниясының апатқа ұшыраған Boeing-737 МАХ ұшағының бортында 157 адам болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, тірі қалған ешкім жоқ деп хабарлайды Life.

Эфиопиядағы ұшақ апаты: 150-ден аса адам қаза тапқаны анықталды

Фото: zougla.gr

Әуе кемесінің ішінде 33 елдің азаматтары болғаны айтылады. Ұшақ Найробиге қарай бағыт алған.

Аталмыш лайнер 2018 жылдың қарашасынан бастап жұмысқа кіріскені белгілі болды.

Эфиопия премьер-министрі қайғылы оқиғаны растады.

"Газета ру" жазуынша, бұл аталмыш ұшақ моделінің қатысуымен болған екінші апат екен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бортында 157 адам болған Ethiopian Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, барлығы қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Эфиопиядағы ұшақ апаты: 150-ден аса адам қаза тапқаны анықталды
Mailfire view pixel