RU

Словениядағы турнирде Баландин екі бірдей алтынды жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин Словенияда өткен жүзуден халықаралық турнирге қатысып, бірден екі алтынмен қанжығасын майлады деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитететке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

аррарар
Дмитрий Баландин. Фото: ҰОК: Depositphotos

Олимпиада чемпионы 50 және 200 метр қашықтықта қатысушылардың бәрін басып озған. Айта кетейік, бұл турнир Әлем кубогы мен Олимпиада ойындарына іріктеу болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан қоржынына өзге отандық спортшылар жарыстың бірінші күнінде 11 медаь салған. Олардың арасында алтын, күміс және қола иегерлері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782683-sloveniadagy-turnirde-balandin-eki-birdej-altyndy-zeip-aldy.html