RU

Колумбияда да жолаушылар ұшағы құлап, 14 адам мерт болды (фото)

Колумбияда бортында жолаушылары бар DC-3 ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды жергілікті El Tiempo басылымына сілтеме жасаған "Известия".

самолет
Апат орнында түсірілген сурет: El Tempo: Depositphotos

Қайғылы оқиға салдарынан елдімекеннің әкімі Тарайра Дорис Лизет Виллегас Чара мен күйеуі және қызы қаза тапқаны белгілі болды.

Сондай-ақ, әуе кемесінде болған төтенше жағдай ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болғаны анықталды.

Экипаж командирі Сан-Мартин аэродромына апатты жағдайды қонғысы келген. Жерге құлаған соң ұшақ бөлшектеніп, өртеніп кетіпті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бортында 157 адам болған Ethiopian Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырап, барлығы қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782692-kolumbiada-da-zolausylar-sagy-klap-14-adam-mert-boldy-foto.html