RU
Гроссмейстер Жұмабаев әйгілі шахматшы Карякинді ұтып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Гроссмейстер Жұмабаев әйгілі шахматшы Карякинді ұтып кетті

Рассказать Вконтакте

Гроссмейстер Ринат Жұмабаев 2016 жылғы әлемнің вице-чемпионы Сергей Карякинді ұтты. Қос шахматшы Астанада өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының бесінші  жарыс күні кездескен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

арарара

Ринат Жұмабаев. Фото: Спутник Қазақстан

"Өте қиын партия болды. Бірақ әу бастан басымдықты өз қолыма алдым. Қарсыласым әдеттегідей керемет ойын өрнегін көрсетті", - дейді мерейі үстем болған Ринат Жұмабаев.

Оның айтуынша, Сергей Карякин бес сағаттан артық қорғаныста ойнап, қысымға шыдамай, қателік жіберген.

Федерация атап өткендей, Карякин "асқан шеберлік" танытыпты, бірақ қазақстандық шахматшы басым түскен.

Алайда Жұмабаевтың жеңісіне қарамастан, еліміздің ерлер құрамасы ресейліктерден 1:3 есебімен ұтылып қалыпты.

Ал әйелдер құрамасы Украина командасымен кездесіп, тең түскен.

Бесінші турдан кейін турнир кестесіндегі бірінші орында Ресей тұр, одан кейін Үндістан мен Англия келе жатыр. Қазақстан құрамасы жетінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel