RU
Динара Сәтжан беделді тұлғаның көңілдесі екенін жоққа шығарды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Динара Сәтжан беделді тұлғаның көңілдесі екенін жоққа шығарды

Рассказать Вконтакте

Динара Сәтжан өзінің бүгінгі жетістігіне қалай қол жеткізгені туралы бар шындықты айтты. Танымал тележүргізуші тіпті, өзін беделді тұлғаның тоқалы деп санайтындарға жауап берген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Танымал тележүргізушінің сөзінше, ол мансабындағы белестерді ешкімнің көмегінсіз, өз күшімен бағындырған.

"Егер мен 50 келі артық салмақ қосып, сырт келбетім ешкімді қызықтырмағанда, маған мұндай сұрақтар қойылмас па еді, бәлкім. Бірақ әзірге мен арықпын, жаспын, спортпен шұғылданамын, соған қарағанда мұндай сауалдар маған үнемі қойылатын сияқты. Бұған етім әбден үйренген. Жұрт көңілдесі бар деп үнемі айтады. 18 жасымда мансабымды ең алғаш бастаған уақытта, әсіресе 26 жасымда, тасым өрге домалаған кезде, бәрі "бір демеушісі бар" дейтін.
Алайда, ешқашан қызметте біреумен көңіл жарастырған емеспін. Күйеуім тамаша адам болды, ажырасқаннан кейін де екеуміз арадағы сыйластықты сақтап қалдық. Мені ұнатқан, соңымнан жүрген адамдар болды. Әдемі ғашықтық хикаяларын да бастан кешірдім, бірақ Динара Сәтжанды демеген қалталы адам болған емес" , - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Ол пәтері мен көліктерін әкесі мен бұрынғы жұбайы сыйлағанын жасырмады.

"Көбісі ойлайтындай, мен тоқал емеспін. Біреудің тоқалы болуға тым тәуелсіз адаммын, өз-өзімді қамтамасыз ете аламын. Мен махаббатты, шынайы сезімді қалаймын", - деді Динара Сәтжан.

Сіздің реакцияңыз
12
3
6
1
2
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel