Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

16 жастағы қазақ баласы АҚШ-та әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

АҚШ құрама штаттарында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда алтынды қанжығалады. Бұл ел қоржынына түскен алғашқы медаль деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz: Twitter

Лас-Вегас қаласында өтіп жатан әлемдік додада топ жарған қазақ баласы 61 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен.

Алматы облысының тумасы қарсыластарын шаң қаптырмай, чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.

Сайрамкез Ақмолда жұлқа көтеруде - 112 келі еңсерсе, серпе көтеруде - 145 келіні бағындырған. Екісайыстың қорытындысы бойынша жас спортшы 257 келіні көтеріп, өзіне берілген алты мүмкіндікті де ұтымды пайдаланған.

Бұл салмақта екінші орынды түрік спортшысы Юсуф Фехми Генч алды. Ол жалпы есеппен 254 келі көтерген. Ал үшінші орын вьетнамдық Динх Санг Буйға бұйырған. Қола жүлдегер 243 келіні еңсерген.

Айта кетейік, 8 наурызда басталған әлем чемпионаты 15 наурызға дейін жалғасатын болады. Жарысқа әлемнің 50 елінен 200-ден астам атлет қатысып жатыр.

Олардың жасы 13-17 шамасында. Қазақстан құрамасынан бұл додада бес спортшы ел намысын қорғауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1782720-16-zastagy-kazak-balasy-aks-ta-lem-cempiony-atandy/

pixel