Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова өзін құртқысы келген адамдар жайлы баяндады

Опубликовано:

Әнші Мақпал Жүнісова өнер жолында өзіне кедергі келтіріп, шоу-бизнес әлемінен аластатқысы келген адамдардың болғанын жасырмай айтып берді. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, мұндай әрекеттердің барлығы адамның ортасына байланысты болмақ.

"Қиямет жасайтын - сол шынайы ақын бола алмаған, шынайы әнші бола алмаған адамдар. Өз мамандығына қателесіп келгендер. Менің жолымда мені құртқысы келетін адамдар да болды. Баршылық. Енді оның барлығы өмір ғой. Ортаңа, жан-жағыңа байланысты. Аяғыңнан шалып жатыр ма? Өсіп бара жатсаң, балағыңнан тартып жатыр ма? Барлығы жан-жағыңа байланысты", - дейді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ әнші өзінің де жастық шағында қателік жібергенін, алайда бұл істеріне халық кешіріммен қарағанын да жасырмады.

"Өнер жолы - қиын жол" дейді. Қаншама млн адамның көз алдындасың. Қаншама адам саған сын айтады. Бәріне жағу, сүрінбей жүру мүмкін емес. Әрине қателіктер болғанда, бармағымызды тістейміз. "Халыққа қай бетіммен қараймын" деген уақыттар болды. Ел кешірді. Басымды жерге дейін иетінімді де сол", - деп ағынан жарылды Жүнісова.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782732-makpal-znisova-zin-krtkysy-kelgen-adamdar-zajly-baandady/

pixel