Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айқын екінші әйелі Жұлдызға жұрт алдында сезімін білдірді (фото)

Опубликовано:

Айқын әйелі Жұлдызды 24 жасқа толған туған күнімен құттықтап, жылы лебізін арнады. Жұбайына деген махаббатын білдірген әнші сезімге толы сәттердегі суреттерімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын мен Жұлдыз. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Айқын мен Жұлдыз. Фото: Әншінің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Алтыным! Туған күнің құтты болсын! Мен сені қатты жақсы көремін", - деп жазды Айқын Instagram парақшасында.

Ал бұл құттықтауды көрген желі қолданушылары әнші мен Жұлдызды қатаң сынға алған.

Олардың арасында Айқынның бірінші әйелі жайлы жазғандар да табылды.

Алайда осындай теріс пікірлерден кейін Айқын жұрттың жазбасын өшіріп, пікір жазу мүмкіндігін шектеп тастаған.

Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыздың ортақ Санжар есімді ұлдары бар. Жұлдыз Өмірғали бүгінгі таңда екінші сәбиін күтіп жүр.

Сондай-ақ Айқын Төлепбергеннің бірінші әйелі Әселден бір ұл, бір қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Айқынның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласызда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782738-ajkyn-ekinsi-jeli-zldyzga-zrt-aldynda-sezimin-bildirdi-foto/

pixel