RU
Эфиопиядағы ұшақ апатынан 19 БҰҰ қызметкері қаза тапты
Жаңалықтар Әлемде

Эфиопиядағы ұшақ апатынан 19 БҰҰ қызметкері қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Эфиопиядағы ұшақ апаты 157 адамның өмірін жалмады. Олардың арасына БҰҰ-ның 19 қызметкері болған. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эфиопиядағы ұшақ апатынан 19 БҰҰ қызметкері қаза тапты

Коллаж:news.un.org/Kanal.co.il

Хабарламада БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқаны жазылған.

БАҚ-та Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында "Эфиопия әуе жолдары" әуекомпаниясының "Боинг 737" ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Аддис-Абебадан Найробиге бағыт алған еді.

Құлаған ұшақтың ішінде экипаж мүшелерін қосқанда 157 адам болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, барлық жолаушылар мен әуекомпания қызметкерлері қаза болды.

Хабарламада жолаушылар арасында БҰҰ 19 қызметкері болғаны айтылған.

Еске сала кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Эфиопияда апат болған ұшақта қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel