Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дизайнер Жадо қаладағы бірнеше пәтері мен балаларын елге көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық дизайнер Жадо алғаш рет көпшілікке отбасы мен пәтерін көрсетті. Сәнгер Қазақстанның бірнеше қаласынан жеке пәтер алып қойғанын да жасырмай айтып берді. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жадо. Фото: "Ел аузында" бағдарламасынан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жадо. Фото: "Ел аузында" бағдарламасынан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бірнеше бизнесті басқаратын Жадо үйін арнайы дизайнерге сәндеткен.

"Мен сіздерге бір құпияны ашайын. Мен үйімді бірінші рет түсіртіп тұрмын. Негізі "Әр бір қалаңда үйің болсын" дейді. Ақтау қаласында жұмыс істегендіктен, ол жақта бір пәтерім, Алматыда бір пәтерім бар. Сол бір үш-төрт қалада бар енді. Ол қазір жаңалық емес қой. Қонақ үйде тұрғаннан гөрі өз пәтеріңде тұруды жөн санаймын.
Мына үйімнің сәнін корейлік жұмысшылар істеді. Көбіне қызым айтады. Енді киім дизайнері мен интерьер дизайнері бөлек қой", - дейді Жадо.
Жадо. Фото: "Ел аузында" бағдарламасынан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Жадо. Фото: "Ел аузында" бағдарламасынан кдар. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Астанаға қоныс аударғанына екі жылдан асқан дизайнер көпшілікке ұлы мен қызын да таныстыра кеткен.

"Отбасы құрғаныма 15 жыл болды. Кішкентайларым, туыстарым бар. Жолдасым тамақты жақсы дайындағасын көз салған ғой. Қайын апаларым, қайын ағаларым бар. Дияша деген қызым менің оң қолым, көмекшім. Оның да сәнгер болғысы келеді", - деді Жадыра Сақиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782754-dizajner-zado-kaladagy-birnese-pteri-men-balalaryn-elge-krsetti-foto/

pixel