RU
Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшаққа екі минутқа кешіккен жолаушы аман қалды
Жаңалықтар Әлемде

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшаққа екі минутқа кешіккен жолаушы аман қалды

Рассказать Вконтакте

Грекия азаматы Антониос Маврополулос жексенбі күні Эфиопияда апат болған ұшақтан ғажайыптың күшімен аман қалды. Бұған себеп ер адамның әуе кемесіне екі минут кешігіп қалуы деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшаққа екі минутқа кешіккен жолаушы аман қалды

Коллаж:Antonis Mavropoulos/facebook.com

Жергілікті ALPHA TV арнасына берген сұқбатында Маврополулос ұшаққа екі минутқа кешіккенін мәлімдеген.

"Адамдардың ұшаққа отырып жатқанын көрдім. Мені жібермегендеріне қатты ашуландым", - дейді жолаушы.

Әуе апаты жайында хабарланғаннан кейін ер адамды полиция тұтқындаған, себебі ол ұшаққа отырмаған жалғыз жолаушы болған.

"Менің апатқа еш қатысым жоқ. Менің жүгім өзіммен бірге болды, сондықтан мені ұзақ тергемеді", - деп мәлімдеді Мавропулос.

Ол өзінің Facebook парақшасында ET302 рейсінің билетін жариялаған.

Еске сала кетейік, 10 наурыз күні таңертең Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 157 адам болған. Олардың бәрі ажал құшты.

Қаза болғандардың ішінде 35 ел өкілдері бар, соның ішінде үш Ресей азаматы болған. Сондай-ақ БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Эфиопияда апат болған ұшақта қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
13
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel