RU
Салтанат Бақаевамен дауласқан ақын қызға сүйіктісі ұсыныс жасады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Салтанат Бақаевамен дауласқан ақын қызға сүйіктісі ұсыныс жасады (видео)

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Салтанат Бақаевамен дауласқан хит әннің авторы Назерке Семейге сүйіктісі ұсыныс білдірді. Айқынның концертіне келіп, сахна төрінде жүрегін ұсынған жігіт Алматыдан Павлодарға арнайы келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын талай әнінің сөзін жазып берген ақын қыздың қуанышы жайлы Instagram парақшасында жариялады.

"Бұл менің "Күндер өтуде", "Жүрегім ақ", "Ойламауға бола ма" сияқты әндерімнің сөзін жазған жас ақын қыз - Назерке Семей. Жігіті Алматыдан Павлодардағы концертке келіп, тосын сый жасады", - деп жазды әнші.

Еске салсақ, керекулік жас ақын Назерке Семей танымал қазақ журналисі Бибігүл Дәулетбекқызына әнші Салтанат Бақаеваға қатысты өз шындығын жеткізген болатын.

Салтанаттың хит болып кеткен "Әгугай, құрбым" әнінің авторы әншіні келісілген соманы бермей кеткені үшін айыптап, өкпе-назын айтқан еді.

Ән авторының шулы мәлімдемесінен кейін Салтанат Бақаева да үнсіз қалмай, жауап ретінде желідегі парақшасына жазба жариялады.

Арада біраз уақыт өткенде, әнші хит әнінің авторына қомақты қаражат беріп, даулы мәселенің нүктесін қойды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel