Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсәуле Бақытбек үйлену тойына 1,5 миллион теңгенің туфлиін киіп шықты (фото)

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбектің тойында киген көйлегінен гөрі туфлиі қызу талқыға түскен. Анықталғандай, қалындықтың таңдауы әйгілі Jimmy Choo дизайнерінің құны 1,5 млн теңге тұратын аяқ киіміне түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, скриншот. Коллаж: NUR.KZ.
Фото: Instagram, скриншот. Коллаж: NUR.KZ.: Instagram

Айсәулені үйлену тойында видеоға түсірген кеш қонақтарының әрқайсысы одан туфлиін көрсетуді өтінген.

Тойшыл қауымның назары не себепті аяқ киімге ауғанын білу мақсатында редакциямыз Jimmy Choo туфлиінің бағасын анықтап көрді.

Сән үйінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, танымал продюсердің қызы өзіне "күлбикеш" шығарылымындағы туфлиді алған. Оның бағасы 3, 495 еуроны құрайды. Теңгеге шаққанда бұл сома 1,5 млн теңгені құрайды.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот: Twitter

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбектің тойы Алматыда дүркіреп өткені жайлы жазған болатынбыз. Оған қоса, бойжеткеннің ұзату тойына бағасы 250 мың долларлық көйлек киіп шыққан.

Айсәуленің үйлену тойы оның туған әкесінің қатысуынсыз өтті. Бақытбек Есентаев бұрынғы жұбайын соққыға жыққаны үшін айыпталып, қазіргі таңда жазасын түрмеде өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1782783-ajsule-bakytbek-jlenu-tojyna-15-million-tegeni-tufliin-kiip-sykty-foto/

pixel