RU

Баландин Словениядағы турнирде төртінші алтынына қол жеткізді

Словенияда өтіп жатқан жүзуден әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарына іріктеу сайысы саналатын халықаралық турнирдің екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстандық Дмитрий Баландин бұл сындағы төртінші алтынына қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Баландин. Фото: Olympic.kz
Баландин. Фото: Olympic.kz: Depositphotos

Халықаралық турнир барысында Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен, Аделина Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден екінші орын иеленді.

Ерлер арасындағы кешенді эстафетада Әділ Қасқабай, Әділбек Мусин, Дмитрий Баландин мен Александр Варакин төрттігі чемпион атанса, қыздар командасы дәл осы бағдарламада күмістен алқа таққан.

Айта кетейік, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Баландин 100 метрге брасс әдісімен жарысудан топ жарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782787-balandin-sloveniadagy-turnirde-trtinsi-altynyna-kol-zetkizdi.html