RU
Өзінен 11 жас үлкен күйеуі соққыға жыққан келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен 11 жас үлкен күйеуі соққыға жыққан келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Өзінен 11 жас үлкен күйеуі болмашы зат үшін соққыға жығатын әйел жан сырын ақтарды. Жұбайы тіпті, сегіз жыл бойы ақша да ұстатпаған екен деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: meme-arsenal.com

Көрнекі фото: meme-arsenal.com

Келіншектің айтуынша, жұбайы оның ата-анасы жоқтығын басынатын көрінеді.

"Сегіз жыл болса да ақша ұстатпайды. Зат әпермейді. Өзім керегімді жәрдемақыға аламын. Алдыңғы күні қасықты дұрыс бермедің деп ыстық тамақты лақтырды. Кеше монша жақшы деп оятқаныма қатты тепкілеп салды. Өзімді қорғамақ болып итеріп ем, енді қол жұмсайсың ба деп одан сайын ұрды. Мен де солай қиналатынымды түсінбейді. Артық ештеңе сұрамаймын. Үйден шықпаймын. Əкемнің жоқтығын, анамның үйі жоқтығын басынады", - дейді ол.

Балалары үшін күйеуінің ойынына ла, қыдырғаны мен ұрысына да шыдаған әйел жаны қиналғанын айтады.

"Өзімнен он бір жас үлкен. Мені əйел баласы деп еркелетіп, бір мейрамда ешқайда апарған емес. Кетіп қалайын десем барар жерім жоқ. Заңмен қалай істей аламын. Қиналып кеттім. Кешегі соққан басым, арқаларым қатты ауырып жатыр. Еңкейе алмаймын. Еңкейсем, басым ауырады. Өмірден қатты түңілдім", - дейді келіншек.
Сіздің реакцияңыз
2
0
4
13
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel