RU
Хадистен мысал келтіріп сөйлеген қырғыз президенті ел риза болды
Жаңалықтар Әлемде

Хадистен мысал келтіріп сөйлеген қырғыз президенті ел риза болды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 11 наурыз күні судьялардың съезінде хадис айтып берді деп жазады АКИpress сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Хадистен мысал келтіріп сөйлеген қырғыз президенті ел тәнті болды

Фото: krg.rus4all.ru

11 наурыз күні судьялар съезі өтті. Жиында сөз сөйлеген Қырғызстан басшысы хадистен мысал келтірді.

"Заң мен Алладан қорқу керек. Кеше сөзімді дайындап отырып, есіме бір хадис түсті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): үш түрлі сот болады. Екеуі тозақта, біреуі жұмақта деген. Егер судья әділ шешім шығарса, оның орны жұмақта. Ал істің мән-жайын анықтамай немесе шындықты біліп, әділетсіз шешім шығарғандар тозаққа аттанады", - деп президент хадисті тағы қайталаған.

Жээнбеков осыны естен шығармауды ескертті.

"Бәрің Құдайдың алдында жауап бересіңдер", - деді ол.
Сіздің реакцияңыз
49
4
7
0
2
45
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel