RU
Қарағанды облысында каратэ үйірмесінде жаттыққан жеткіншек көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағанды облысында каратэ үйірмесінде жаттыққан жеткіншек көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының Дубровка елді мекенінде сегізінші наурыз күні 14 жастағы жеткіншек облыстық кардиологиялық орталыққа әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында каратэ үйірмесінде жаттыққан жеткіншек көз жұмды

Көрнекі фото: wtf48.ru

Қайғы жұтқан отбасының таныстарының сөзінше, медициналық қызметкерлер дефибрилляторсыз келген. Бұл баланың өмірін сақтап қала алмағандарына себеп болған.

"Каратэ үйірмесінде жаттыққан жәбірленуші дене жарақатын алғаны анықталды. Жаттығу кезінде бапкер болған.
Оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оның аясында бапкердің және жедел жәрдем қызметкерлерінің әрекеттеріне заң негізінде баға беріледі", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel