Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында аяғы ауыр келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында Динара Зарипова есімді келіншек бір аптадан бері табылмай жатыр. Аяғы ауыр келіншекті туыстары қайдан іздерін білмей шарқ ұрып жүр деп хабарлайды KAZNUR.KZ.

Із-түзсіз кеткен келіншектің сіңлісі Гүлмира Зарипованың сөзінше, олар әпкесінің жоғалғанын ауылына Динараның жұбайы келген соң бір-ақ білген.

"Әпкем соңғы рет менің үйімнен шығып кетті. 5-наурыз күні кешкілік ауылына қайту керек болатын. Содан хабар жоқ. Біз оның жоғалып кеткенін бірден білген жоқпыз. Мен ол ауылына кетті деп алаңсыз жүрдім. Ауылдан күйеуі келгесін 3-4 күннен кейін ғана іздеу салдық. Бұрын мұндай жағдай болып көрген жоқ. Зауыт полициясына барып жолдасы арыз жазды. Өзінің аяғы ауыр, жүктіліктің бесінші айында", - дейді сіңлісі Гүлмира Зарипова.

Жоғалып кеткен 32 жастағы келіншектің үш баласы бар. Үлкен баласы бесінші сыныпта оқиды. Одан кейінгі балалары 5 және 2 жаста.

"Қайдан іздерімізді білмей отырмыз. Ол қалаға келгенде Кірпішті ауылындағы енесінің үйіне немесе біздің үйге келетін. Бала-шағасы бар адам біреуге еріп жүре бермейді. Көрген адамдар болса полицияға хабарласыңыздаршы. Бойы қатты ұзын емес, шамамен 160-165 см болып қалады. Аяғы ауыр болған соң толық көрінеді", - дейді сіңлісі.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі 1987 жылы туған Динара Зариповаға туыстары 8 наурыздан бастап іздеу салғанын растап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782807-aktbe-oblysynda-aagy-auyr-kelinsek-bir-aptadan-beri-tabylmaj-zatyr/

pixel