RU
Тағы бір қазақстандық зілтемірші алтын жүлде иеленді
Жаңалықтар Спорт

Тағы бір қазақстандық зілтемірші алтын жүлде иеленді

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір отандық спортшы алтын медальға ие болды. Сайхан Тайсуев чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын жаңартқан деп хабарлайды Оlympic.kz. 

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстандық зілтемірші 37 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ол жұлқа көтеруде 127 келіні, серпе көтеруде 161 келіні оңай еңсерген.

Екі сайыстың қорытындысы бойынша жас спортшыға 288 келі бағынған.

Бұл көрсеткіш Сайхан үшін өз қатарластары арасында чемпионы атану үшін жеткілікті болған.

Сонымен қатар отандық спортшы серпе және жұлқа көтеруден кіші алтын жүлдені де жеңіп алып, серпе көтеруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Бұл әлемдік сыннан ел қоржынына түскен екінші алтын медаль. Бірінші жүлдені 61 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Сайрамкез Ақмолда жеңіп алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel