RU
Әйелінің бейнесіндей елес көрген азаматтың зәре-құты қашты
Жаңалықтар Қоғам

Әйелінің бейнесіндей елес көрген азаматтың зәре-құты қашты

Рассказать Вконтакте

Шыңғырған сәбидің даусынан оянып кеткен азамат әйелі мен қызының бейнесін көреді. Түн ортасында шулаған жақындарына басу айтқан ол теріс бұрылып жатса, жұбайы шырт ұйқыда жатыр екен. Бұл туралы Ерсін Ерғалиев "Алаш айнасы" сайтына айтып берген.

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Көрнекі фото: Алаш айнасы

Оқиғаны баяндаған азамат әлі күнге дейін сол түнді ұмыта алмағанын айтады.

"Шыңғырған сәби даусынан ояндым. Үйдің іші қаракөлеңке. Қарасам, кішкене қызым бөлмемнің ортасында сылқ-сылқ күліп, бар дауысымен шыңғырып шыр көбелек айналып ойнап жүр екен.
Төсегімнің шетінде әйелім баланың ойынына қарап мәз болып тұрған соң жұбайыма келіп: "түн ортасында қызыңды айғайлатып үй-ішін басқа көтертіп, неге отырсың, қазір ол ұйықтап жатқандарды оятады ғой. Одан да қызды төсегіне апарып ұйықтат" деп екінші қырыма аунап жата беріп, жүрегім тас төбеме шықты. Әйелім төсекте алаңсыз ұйықтап жатыр", - деп таңданды ол.

Осы сәтте айтарға сөз таппаған Ерсін төсек жанында отырған елес екенін ұққан.

"Төсегімнің шетінде отырған әйелге қарасам, ол да маған тесіле қарап отыр екен және бір қызығы, ол әйел әйелімнің бейнесінен айнымайтындығы. Сондай-ақ қыз да, қызымның бейнесінен айнымай қалыпты. Осы кезде әйел маған бірдеңе деп айтқандай болып еді, бірақ алабұртып тұрған мен оның сөзін ести алмадым.
Бойымдағы үрейді сабырға жеңдіріп, Ағұзу-Бисмиден бастап, дұғаларды оқи бастап едім, әйелім мен қызым бейнесіндегі "елестер" лезде көзден ғайып болды. Содан дұға, аяттарды оқып жатып, қалғып кетіппін", - дейді азамат.

 

Сіздің реакцияңыз
0
12
6
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel