RU
"Сүйісіп те көрмедік": Иманбаева мен Азамат Сатыбалдының ара-қатынасы қандай?

"Сүйісіп те көрмедік": Иманбаева мен Азамат Сатыбалдының ара-қатынасы қандай?

Рассказать Вконтакте

Айгүл Иманбаева өзін әріптесі Азамат Сатыбалдымен не байланыстыратынын ашып айтты деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның айтуынша, жұрт көкейіндегі сауалды әншінің өзінен де ашық сұраған.

"Тойдың гүлі өзім болдым. Сосын Азамат болды. Өзіміздің тойда билемегенде қашан билейміз? Сөйтсем, ана жерде отырған музыканттардан бастап, Толқын апамның өзі "Айгүл, Азамат екеуіңде бәрі жақсы ма?" деген сұрақтар кеткенде таңғалдым", - дейді өнер иесі.

Сондай-ақ актриса актер-әріптесімен қарым-қатынасын түсіндіре кетті.

"Мен айтам, "Құдай-ау! Қалай айтсам екен? Сүйісіп те көрмедік қой" дедім ғой жалпақ тілмен айтқанда. Неге барлық нәрсені жамандыққа балау керек? Бір әдемі туысқандық па екен, достық па екен... Азаматтың өзімен де, келіншегімен де. Екеуміз көрген бетте шүйіркелесіп отыра қаламыз", - деді Айгүл Иманбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаева мен Азамат Сатыбалдының тойдағы видеосы желіге таралып кетіп, қызу талқыға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel