RU

Головкиннің келесі қарсыласы кім болады?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы кім болуы мүмкін екенін Boxingscene.com порталының журналисті Джейк Донован айтты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сарапшының сөзінше, Головкиннің қарсыласы поляк спортшысы Камил Шеремета болады.

Донован қазіргі уақытта Шеремета WBC мен WBA рейтингінің жоғары сатысына жақын орналасқан былғары қолғап шебері екенін алға тартты.

Рейтингтік тізімде поляк спортшысынан озып тұрған жалғыз боксшы - Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетсек, жақында қазақстандық DAZN телеарнасымен келісім-шартқа отырған болатын. Енді маусым айындағы кездесу үшін Головкинге қарсылас қажет.

Спорт журналисінің айтуынша, Шеремета Сауль Альварестен кейінгі жеңілістен кейін боксшыға лайықты келетін қарсыластың бірі болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782824-golovkinni-kelesi-karsylasy-kim-bolady.html