RU
Ауа райы: Елімізде +20 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы: Елімізде +20 градусқа дейін күн жылынады

Рассказать Вконтакте

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы +20 градусқа дейін жылынады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: stav.aif.ru

Көрнекі фото: stav.aif.ru

12 -14 наурыз аралығында еліміздің аумағында ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, республиканың біршама өңірлерінде термометр бағаны сегіз градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 12, 20 градусқа дейін көтеріледі.

Бұл температура климаттық норманы 4,10 градусқа арттырады.

Алайда, алдағы бірнеше күнде солтүстік және батыс өңірде тұман мен көктайғақ, сондай-ақ, нөсер жауын болуы мүмкін.

12-13 наурыз күндері Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл күндері өңірде боран, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel