RU

Башқұртстандық әйел Қазақстанға келу үшін екі миллион төлеген

Башқұртстан республикасының тұрғыны Қазақстанға қонаққа келу үшін 400 мың рубль төлеген деп хабарлайды Tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанға келу үшін башқұртстандық әйел адам екі миллион төлеген
Көрнекі фото:inkaraganda.kz: Facebook

Әйел адам халықаралық әйелдер күнін Қазақстанда атап өтпек болған. Бірақ соңғы сәтте қарыздары үшін шекара аса алмайтынын анықтаған.

Башқұртстан республикасының сот приставы әйел адамға бес әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ол қаржы мекемелерінде несие рәсімдеп, оларды төлемеген екен. Оның жалпы қарызы 376 мың рубльды құраған.

Нәтижесінде әйел адамға шекара асуға тыйым салыныпты. Қазақстанға бара алмайтынын білген әйел адам қарызын толық жапқан.

"Ресей шекарасынан шығу туралы шектеуді сот приставы алып тастады. Атқару өндірісі тоқтатылды", - деді ведомтсвоның баспасөз өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1782828-baskrtstandyk-jel-kazakstanga-kelu-sin-eki-million-tlegen.html