RU
Теміртауда көпқабатты үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Теміртауда көпқабатты үйдегі өрттен екі адам қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Теміртауда өрт кезінде екі азамат қайтыс болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Өрт Теміртау қаласының Металлург көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында орын алған.

Ер азаматтардың денесін қонақ бөлме мен балконнан тапқан.

"Қайтыс болғандар 1957 және 1953 жылы өмірге келген. Олардың өлімі тексерілуде. Көп қабатты тұрғын үйден 22 адам эвакуацияланды", - деп хабарлайды Теміртау қаласының төтенше жағдайлар басқармасы.

Өрттің себебі әлі анықталған жоқ. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Өртті ауыздықтау үшін 5 техника мен 23 құтқарушы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel