RU
СІМ Қытайда ұсталған қазақстандық қызға байланысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

СІМ Қытайда ұсталған қазақстандық қызға байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайда есірткі заттарын тасымалдау және сату бойынша күдікке ілініп, 27 ақпанда қамауға алынған қазақстандық ару Юлия Ходеваға қатысты мәлімдеме жасады. Адвокат қамауға алынған қазақстандық арумен бүгін, 11 наурыз күні кездескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Юлия Ходева. Фото: Әлеуметтік желіден

Юлия Ходева. Фото: Әлеуметтік желіден

"27 ақпан күні Қытай Рсепубликасының құқық қорғау органдары Юлия Ходеваны есірткі заттарын сақтау және таратумен айналысты деген күдікпен қамауға алды. Ал 28 ақпан күні біздің елші онымен телефон арқылы сөйлесті. Алғашқы күннен-ақ бұл мәселе Шанхай консулдығының ерекше бақылауында.
Бойжеткеннің ата-анасымен шұғыл түрде байланыс орнатылып, оларға Юлияның неліктен қамауға алынғаны ж әне не істеу керектігі түсіндірілді", - дейді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның мәліметінше, адвокат - Қытай азаматы. Оны бойжеткеннің ата-анасы жалдаған. Аптаның аяғына дейін елшімен жеке кездесу және уақытша ұстау изоляторына қамалған арумен кездесу жоспарланған.

"Қыздың ата-анасы қазір Қазақстанда. Тергеудің мән-жайымен бөлісе алмаймын. Өйткені, тергеу әлі жалғасып жатыр. Қытай заңы бойынша, тергеуші ҚХР азаматы болуы тиіс. Біз тек ұсталған адамның жағдайын бақылап, құқықтық көмек көрсетеміз", - деді ол.

Сондай-ақ, бойжеткенге тағылатын айып қанша мөлшердегі есірткі табылғанына тікелей байланысты болмақ.

"Оның Қытай аумағында өмір сүргеніне алтыншы жыл. Оқуын аяқтауына бірнеше ай қалған. Өкінішке орай, ол елшілік тізімге тіркелмеген. Елшілік қызметкерлері бойжеткеннің Қытайда оқитынын білмепті.
Шетелдегі барлық қазақстандықтарды елшілік тізіміне тіркелуге шақырамыз", - деді Қазақстанның сыртқы істер ведомствосының ресми өкілі.

Айта кетейік, осыған дейін Юлия Ходева мен елшінің телефон арқылы сөйлескенін айтқан болатынбыз. Бойжеткен денсаулығы мен уақытша тергеу изоляторына шағымданбаған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel