RU
Алматыда көпбалалы отбасыларға үй беретін жаңа жоба жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көпбалалы отбасыларға үй беретін жаңа жоба жарияланды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы сайтында көпбалалы отбасыларға арналған жаңа жоба жарияланды. Енді "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысатын алматылықтар 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен баспана алу мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Ведомствоның хабарлауынша, құжаттар 2019 жылдың 11 наурызынан 15 наурызға дейінгі 5 күн ішінде қабылданады.

Содан кейін Тұрғын үй басқармасы өтінішті қарастырып, "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді.

Бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушылар тұрғын үйді сатып алу үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" жылдық 2 пайыз мөлшерлемемен алдын ала заем түрін алуларына болады.

Жеңілдетілген несиені алу үшін заем сомасының 10 пайызын құрайтын мөлшерде алғашқы жарнаның болуы қажет.

Бұдан бөлек, бюджеттік несиелендіру бағдарламасына қатысушы көп балалы отбасылар Алматы қаласы әкімдігінен құны 1 миллион теңгелік тұрғын үй сертификаттарын алады. Бұл қаражат заем алар кезде алғашқы жарнаны өтеуге арналған.

Несие тек жаңа тұрғын үйді сатып алу үшін беріледі. Заемның ең жоғарғы сомасы 15 миллион теңгеге тең.

Алматылық тұрғындар "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтерді өздері іздеп табуы тиіс.

Ол үшін оларға бір ай көлемінде уақыт беріледі.

Пәтерлерді іздеп табуға "тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" қызметкерлері көмектесетін болады.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды қолдап, олар үшін қолжетімді тұрғын үй санын арттырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы жеңілдетілген несие беру механизмін дайындап шығаруды тапсырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
1
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel