RU
Астанада адамға толы автобуста ұрлық жасаған екі жігіт құрықталды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада адамға толы автобуста ұрлық жасаған екі жігіт құрықталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Астаналық полиция қызметкерлері қоғамдық көлікте және азаматтар жаппай жиналатын орындарда бірқатар қалта ұрлығын жасаған Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Астана қаласының полиция департаменті

Фото: Астана қаласының полиция департаменті

Полицияның хабарлауынша, қылмыскерлер қарбалас сәт пен жолаушылары көп бағдарларды таңдаған.

Олар ұялы телефондар мен әмияндарды ұрлап отырыпты.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Егер де Сіз аталған тұлғалардың әрекетінен зардап шексеңіз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Астана қаласы полиция департаментіне немесе  8(7172)71-61-71, 71-62-47,71-60-10, 102 телефондарына қоңырау шалуға болады", - деді полиция департаменті.

Айта кетейік, тәртіп сақшылары қалта ұрлығынан сақтану үшін бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына тереңірек салып, шығар алдында түймесі салынғанын тағы бір тексеруді ескертеді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel