Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзге аймақтар қарға оранып жатқанда оңтүстікте өрік гүлдеп жатыр (фото)

Опубликовано:

Еліміздің өзге аймақтары көктем келсе де, әлі қыс құрсауынан шыға алмай жатқанда Шымкентте жер көгеріп, өрік ағаштары гүлдеуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Әдетте өңірде наурыздың соңына қарай гүлдейтін ағаштар бүршік жарып, ара мен көбелектер нәр іздеуге шыққан.

Ал қыс бойы жарытып қар көрмеген тұрғындар да жылы киімін тастап, желең киіне бастаған.

Кадр КТК арнасы
Кадр КТК арнасы: Depositphotos

Жергілікті жұрт тал-теректің көгеруіне бір жағынан қуанғанымен, суық келсе үсік шала ма деген де үрейді жоққа шығармайды.

Алайда синоптиктер қорқуға себеп жоқ дейді. Өйткені, алдағы күндер күнгейліктер үшін аса жайлы болмақ.

Мәселен апта бойы жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі ауа температурасы түнде 5-10, кей жерлерде 2 градусқа дейін ысиды деп күтілуде.

Ал күндіз аймақта ауа температурасы 18-23, кей жерлерде 15 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1782905-zge-ajmaktar-karga-oranyp-zatkanda-otstikte-rik-gldep-zatyr-foto/

pixel