RU
Атыраулықтар маскүнемдердің мекеніне айналған ескі балабақша үшін алаңдап отыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атыраулықтар маскүнемдердің мекеніне айналған ескі балабақша үшін алаңдап отыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау облысы Құлсары қаласында апаттық деп танылған ескі балабақша мен әскери комиссариат ғимараттары қаңғыбастар мен маскүнемдердің жиналатын орнына айналған. Бұған тұрғындары қатты алаңдап отыр, өйткені иесіз қалған балабақшаның жанында мектеп орналасқан деп хабарлайды Ақжайық.

Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Тұрғындар балалары үшін қатты қорқатынын айтады.

"Бос тұрған ғимарат маскүнемдердің ішімдік ішетін орнына айналған. Мұнда небір күдікті адамдар жиналады, сондықтан балаларымыз үшін қатты қорқамыз. Неге мұны бұзып, болмаса басқа мақсатқа пайдаланбайды", - дейді тұрғындар.    
Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

 Бұған қатысты жауап берен Құлсары қаласының әкімі Қаржау Шарғабаевтың сөзінше, қажетті құжаттар дайын болған соң, ескі ғимарттар толығымен бұзыламақ.

"Салтанат" балабақшасы, әскери комиссариат ғимараттарының иесіз тұрғанына біраз болды. Балабақша ғимараты ескі болғанымен, жанында жаңа жалғама құрлыстар болған. Оны толық апатты деп тану үшін құжаттары жасалып, сараптамадан өткізу керек.
Ескі әскери комиссариат ғимараты да апатты күйде. Қажетті құжаттар дайын болған соң, толығымен бұзылады. Жерін басқа мақсатқа пайдаланамыз", - дейді әкім.
Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Фото: Ақжайық

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel