RU
БАҚ: Ресейлік танымал шоумен өзінен 30 жас кіші Қазақстан тумасына үйленді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

БАҚ: Ресейлік танымал шоумен өзінен 30 жас кіші Қазақстан тумасына үйленді (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік шоумен Александр Цекало 27 жастағы Қазақстан тумасы Дарина Эрвинмен шаңырақ көтерген. Ғашықтар Беверли-Хиллзда заңды некеге отырған деп хабарлайды СтарХит сайтына сілтеме жасаған KAZNUR.KZ.

Дарина Эрвин, Александр Цекало. Фото: womanhit.ru

Дарина Эрвин, Александр Цекало. Фото: womanhit.ru

Цекало мен Даринаның инсайдерлары олар әзірге дүркіретіп той жасауға асықпайтынын айтқан. Ал Беверли-Хиллздағы маңызды күнде ғашықтардың жанында тек олардың ең жақындары ғана болған.

Дереккөздің мәліметінше, жұбайлар үйлену тойын осы жылдың мамыр айында жасауды жоспарлап отыр. Ал салтанатты шараның қайда өтетіні әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Александр Цекало сүйіктісінен 30 жас үлкен. Бұл шоуменнің төртінші некесі екен.

БАҚ-тың жазуынша, Дарина бастапқыда өзінің фамилиясында қалғысы келген, алайда кейін бұл ойын өзгертіп, танымал күйеуінің тегіне өткен.

Дарина Эрвин Алматы тумасы. Ол бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен. Сонымен қатар азаматтығы мен тегін де ауыстырған.

Бойжеткен жалпақ жұртқа модель, суретші әрі Голливуд фильмдеріне түскен актриса ретінде белгілі.

Сіздің реакцияңыз
12
5
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel