RU
Астанада тапа-тал түсте педофил 13 жастағы қызға шабуыл жасады

Астанада тапа-тал түсте педофил 13 жастағы қызға шабуыл жасады

Рассказать Вконтакте

Елорда орталығындағы үйде тапа-тал түсте белгісіз азамат 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады. Қыз ғажайыптың күшімен педофилден қашып үлгерген деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадрлар/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадрлар/ Еуразия бірінші арнасы

Оқиға Астананың қақ ортасындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Телеарнаның хабарлауынша, күдікті азамат қызды дүкеннен шығып, үйіне жеткенше аңдып келген. Осылайша, ол үй подъезінің бірінші және екінші қабаты арасында оған шабуыл жасапты.

Қорқып кеткен мектеп оқушысы қатты айғайлап, педофилден қашып үлгереді. Қатты үрейленген қыз пәтерге барып, барлығын ата-анасына айтып берген.

Әкесі дереу полиция шақырғанымен, күдікті жасырынып қалыпты.

Тергеушілер жәбірленушіден жауап алып, есіктен саусақ іздерін алды.

"Бала әлі не болғанын түсініп тұрған жоқ. 3-4 секунд. Артынан жақындап, ұстап, артынша қашып кеткен. Ол бірден жүгіріп келіп, маған айтты. Далаға шыққанымда ешкімді таппадым", - дейді қыздың әкесі.

Абырой болғанда, подъездің алғашқы қабатында бейнебақылау камералары орнатылған. Ол жазбалар қылмыстық іс материалдарына пайдаланылады.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel