RU
Көшеде Қайрат Нұртасты көріп қалған әжейдің қуаныштан төбесі көкке жетті
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Көшеде Қайрат Нұртасты көріп қалған әжейдің қуаныштан төбесі көкке жетті

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде көшеден Қайрат Нұртасты кездестіріп қалған әжейдің видеосы тарап кетті. Ол эстрада жұлдызын тапа-тал түсте жолықтырамын деп ойламаса керек. Төбесі көкке жеткен тыңдарман сүйікті әншісімен суретке де түсіп алыпты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Фото: Видеодан кадр/ Instagram

Бұл бейнежазба @toiduman_kz парақшасында жарияланған.

Видеода әжейді көрген Қайраттың жай ғана жымиып тұрғанын байқауға боалды. Ал қатты қуанған тыңдарман бірден жанындағы серігін шақырып, суретке түсіруді өтініпті.

"Мұнда келші. Мен ұялы телефонымды ұмытып кетіппін. Бұл менің сүйіктім Қайрат Нұртас қой. Ол осылай киініп алып, мені танымай қалады деп ойлады ма? Ана жақтан келе жатыр, ойлап қарашы. Тезірек суретке түсірші, өтінемін.Ұлым менің өзі өте ақылды", - дейді әжей.

Артынша ол әншіге сәттілік тілеп, оған "Супер" деген баға берген.

Видеоны көрген желі қолданушылары әжейдің шынайылығына риза болып, Қайрат Нұртасқа ұзақ ғұмыр тілепті.

"Жарайсың, Қайрат. Әжейдің өзі де мейірімді әрі шынайы", "Қайрат өте жақсы жігіт қой", "Әжеміз алтын балық ұстағандай қуанып кетті ғой", "Ұзақ жасасын әжеміз", "Енді бәрі көшеден Қайратты іздеп жүретін болды-ау" -деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз
25
1
4
1
3
23
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel