RU
300 қазақстандық азамат Таиландтан елге ұшып келе алмай отыр
Жаңалықтар Қоғам

300 қазақстандық азамат Таиландтан елге ұшып келе алмай отыр

Рассказать Вконтакте

SCAT әуекомпаниясының ұшағында мәселе туындағандықтан 300-ге жуық қазақстандық азамат Таиландтан Астанаға ұшып келе алмай отыр деп хабарлайды азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің хабарлауынша, Таиландта 300 отандасымыз қалып қойған.

Оның басты себебі SCAT компаниясы ұшағынындағы техникалық мәселелер болып табылады.

Азаматтық авиацияның ақпараты бойынша, VSV465 рейсі 11 наурыз күні Астана уақытымен 17:00 ұшуы қажет болған.

Бірақ әуе кемесінде техникалық мәселе орын алыпты.

"Аталған рейстің 283 адамына қонақ үйден нөмір ұсынылып, тамақ берілген", - деді комитет.

Түнде әуекомпаниясының мамандары Пхукетке ұшақтың мәселесін шешу үшін ұшып кетті.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel