RU
Ақтөбе полицейлері жаппай төбелеспек болған 16 оқушыны ұстады

Ақтөбе полицейлері жаппай төбелеспек болған 16 оқушыны ұстады

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде екі жеткіншек сөзге келіп, әлеуметтік желіде төбелеске достарын жинаған. Тұрғындар бұл жайында полицияға хабарлап, тәртіп сақшылары жаппай төбелестің алдын алды деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбе полицейлері төбелесейін деп жатқан 16 оқушыны құрықтады

Көрнекі фото: 24.kg

Үшінші наурыз күні Заречный-3 тұрғындары полицияға хабарласып, №61 мектептің жанында бір топ оқушы жиналғанын хабарлаған.

Шақырту бойынша жеткен полицейлер 16 оқушыны құрықтады.

"Жаппай төбелес орын алмады. Оқушылармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, олар үйлеріне қайтарылды. Ата-аналарына балаларына жауапты екендері түсіндірілді", - деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel