RU
Смайылов бюджеттен бөлінетін 11 трлн теңгенің қайда жұмсалатынын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Смайылов бюджеттен бөлінетін 11 трлн теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Үкіметте 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау барысында осы жылдың шығыны 11,9 трлн теңгені құрайтыны айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Бюджетті нақтылау барысында "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде қозғалған әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыру, 2017 мен 2018 жылдардағы президенттің жолдауында айтылған тапсырмалар мен мемлекеттің бұрынырақ қабылданған міндеттемелерін орындау есепке алынады. 

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың сөзінше, қаражатты 3 бағыт негізінде бөлу жоспарланған

"Нақтылау жобасында қаржыны 3 бағыт бойынша бөлу көзделуде. Бірінші бағыт "Нұр Отан" партиясының съезінде мемлекет басшысы айтқан "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын іске асыру. Оған 444,3 миллиард теңге қарастырылып отыр", - деді ол.  

Осы қаражат барысында мыналар жоспарлануда:

  • азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдауды күшейту – 224,3 миллиард теңге;
  • аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы жеңілдікті кредит беруді енгізу – 100 миллиард теңге;
  • өңірлік инфрақұрылымды дамыту - 90 миллиард теңге, "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын іске асыру - 30 миллиард теңге.

Екінші бағыт – жастар жылын атап өтуге 24,6 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Үшінші бағыт, Елбасының 2017 және 2018 жылдардағы жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындау үшін 286 миллиард теңге жұмсау көзделген.

"Осы қаражат аясында Түркістан облысының және Астананың кешенді даму жоспарларын іске асыру, Астанада ғылыми-онкологиялық орталық салу, "Сарыарқа" газ құбырын салу, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шараларды іске асыру жоспарлануда", -деді қаржы министрі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel