RU
Сауд Арабия ұшағы әуежай ғимаратында сәбиді ұмытқан жолаушы үшін қайта оралды
Жаңалықтар Әлемде

Сауд Арабия ұшағы әуежай ғимаратында сәбиді ұмытқан жолаушы үшін қайта оралды

Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясының әуе тасымалдаушы Saudi Arabian Airlines ұшағы көкке ұшқаннан кейін емізулі баласын ұмытып кеткен жолаушы үшін Джиддадағы патша Абдель Азиз атындағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Самолет

Фото: ria.ru

Сауд Арабиясының «Ахбар24» порталы әуе кемесінің командирі мен диспетчерінің арасындағы әңгіменің жазбасын жариялаған.

Жазбада командирдің әуежайға оралу себебін қайта сұрағанда, диспетчердің өз баласын әуежайдағы терминалдардың бірінде ұмытып кеткен жолаушы туралы және оның ұшуды жалғастырудан бас тартқанын айтқаны анық естіледі.

Айта кетерлігі, аталмыш портал жолаушының өз әрекеті үшін жауапқа тартылғандығы жайында ақпарат таратпаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
1
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel