RU
Шымкентте клубтағы "разборканы" шешуге 6 патруль көлігі келген (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте клубтағы "разборканы" шешуге 6 патруль көлігі келген (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының түнгі клубтарының біріне куәгерлер алты патрульдық көліктің келгенін түсіріп алған деп хабарлайды elitar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттегі түнгі клубтағы дауды шешуге бірнеше патруль көлігі келген (видео)

Фото:Видеодан скриншот

Оқиға 11 наурыз күні болған.

Шымкент қаласының полиция басқармасы тәртіп сақшылары түнгі клубқа жанжал шығуына байланысты барғандарын хабарлады.

"102 нөміріне шақырту түскеннен кейін Шымкент қаласының ІІБ Әл-Фараби полиция бөлімінің шұғыл тергеу тобы оқиға орнына жеткен.

Тексеру барысында түнгі клубтың қызметкері жарақаттанғаны анықталды. Түркістан облысының тұрғыны күдікті ретінде тұтқынға алынды.

Қылмыстық кодекстың 293 бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel