RU
Астанада Дәленовтің тексерісінен соң қызанақ пен қиярдың бағасы төмендеп кетті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Астанада Дәленовтің тексерісінен соң қызанақ пен қиярдың бағасы төмендеп кетті

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі елордадағы қызанақ пен қиярдың бағасын тексеру нәтижесі туралы сұраққа жауап берді. Жақында ғана Руслан Дәленов базарларды аралап, мереке күндері көкөністердің бағасын шарықтатуға жол бермеу керектігін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva

Руслан Дәленов. Фото: facebook.com/samal.ibrayeva

"Сіздер байқаған болсаңыздар, Астанада баға көтерілген жоқ. Кейбір сауда нүктелерінде, тіпті, баға төмендеген. Біз көріп қайттық.
Қияр 1400 теңге тұрған нүктеде баға 1200 теңгеге, 1000, 950-940 теңге болған нүктеде 800 теңгеге түскен. Бағалар тұрақтана бастады", - деді министр.

Дәленов соңғы тексерістен кейін монополияға қарсы комитет мемлекеттік органдарға, көтерме саудагерлерге, бөлшек саудасы мен өндірушілерге сұраныс жібергенін, бұл баға келісіміне қол жеткізу үшін жасалғанын айтты.

"Бақылауда ұстап отырмыз. Жұмыс жүріп жатыр. Адал еңбек ететін кәсіпкерлерге ештеңеден қорқудың қажеті жоқ", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін министр көкөністердің базардағы бағасын тексерген еді. Артынша Дәленов тілшілерге көкөністердің суретін алып шығып, ел назарын аударған.

Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel