RU
SCAT: 157 адам көз жұмған апатқа қарамастан Boeing-737 ұшағынан бас тартпаймыз
Жаңалықтар Қоғам

SCAT: 157 адам көз жұмған апатқа қарамастан Boeing-737 ұшағынан бас тартпаймыз

Рассказать Вконтакте

Қазақстандың SCAT әуекомпаниясы 2017 жылдың аяғында Boeing корпорациясымен алты Boeing -737 MAX 8 ұшақтарын алу туралы келісімшартқа қол қойған. 2018 жылдың наурыз айында алғашқы ұшақ елімізге келген болатын. Компания әуе кемелерінің жағдайы туралы ақпарат берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

SCAT Эфиопиядағы ұшақ апатына қарамастан Boeing-737 MAX 8 ұшағынан бас тартпайды (фото)

Фото: SCAT

10 наурыз күні таңертең Ethiopian Airlines әуекомпаниясының Boeing 737 MAX 8 ұшағы Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 157 адам болған. Олардың бәрі ажал құшты.

Қаза болғандардың ішінде 35 ел өкілдері бар, соның ішінде үш Ресей азаматы болған. Сондай-ақ, БҰҰ-ның 19 қызметкері қаза тапты.

SCAT Эфиопиядағы ұшақ апатына қарамастан Boeing-737 MAX 8 ұшағынан бас тартпайды (фото)

Фото: SCAT

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Эфиопияда апат болған ұшақта қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді.

Апат салдарынан Boeing корпорациясының жаңа ұшағының таныстырылымы кейінге қалдырылды.

Газета.ру басылымының жазуынша, Boeing 737 MAX 8 ұшағынан Индонезия, Қытай және Ұлыбритания бас тартқан.

АҚШ Boeing 737 MAX 8 тек коммерциялық ұшулар үшін жарамды екенін мәлімдеді.

NUR.KZ тілшісі SCAT әуекомпаниясына хабарласып, осы үлгідегі ұшақты пайдаланулары жөнінде сауал жолдады.

"Әуекомпания пайдаланып жүрген Boeing 737 MAX 8 ұшағы штаттық режимде пайдаланылуда, Оның жұмысында ешқандай қиындықтар болған жоқ", - деді компанияның баспасөз қызметі.
SCAT Эфиопиядағы ұшақ апатына қарамастан Boeing-737 MAX 8 ұшағынан бас тартпайды (фото)

Фото: SCAT

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel