RU
Мәдина Сәдуақасованың ашық-шашық суреттерін күйеуі өшіртіп тастаған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мәдина Сәдуақасованың ашық-шашық суреттерін күйеуі өшіртіп тастаған

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Мәдина Сәдуақасова Таиландқа сіңлілерімен демалысқа барып, қысқа шортымен сурет жүктеген болатын. Арада көп уақыт өтпей ашық-шашық суреттерін желіден өшірген әнші бұлай істеуіне күйеуінің себепші болғанын жеткізді деп жазады "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Менің жолдасымда Instagram жоқ. Бірақ ол жаңалықтарды оқиды. Instagram-да көрмегенімен, бүкіл жаңалықтардан кейін жазды. Ол кісі қатты сөйлемейді. Жай сөйлеп, барлығын түсінікті қылып жеткізеді", - деді әнші.

Айта кетейік, қысқы демалысын Таиланда бауырларымен бірге өткізген әнші желідегі парақшасына біресе купальникпен, біресе қысқа шортымен түскен суретін жүктеген болатын.

Алайда көпшілік сұлулық символы саналатын әншінің бұл әрекетіне наразылық танытып, Сәдуақасованы желіде қызу талқыға салған.

Желі қолданушыларының сансыз теріс пікірінен соң әнші желіні шулатқан суреттерді өшіріп тынды.

Естеріңізге сала кетейік, Мәдина Сәдуақасованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
1
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel