RU
Шаһизада бетіне пластикалық ота жасатқан әріптестері жайлы жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Шаһизада бетіне пластикалық ота жасатқан әріптестері жайлы жайып салды

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше жыл бұрын қабағына ота жасатқан Шаһизада әріптестерінің де түрлі пластикалық хирургтің көмегіне жүгінетінін айтты. Әнші кейбір қатарластарының пластикалық отасы сәтсіз шыққанын да жасырмай айтып берді. Бұл туралы "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Әншінің айтуынша, эстарадағы кейбір әріптестерін пластикалық отадан кейін танымай қалған.

"Қазір 40 жастағылар қыздай көрінеді. Өйткені қазір медицина мықты дамыған. Мен ойлайм енді біреуге жарасады. Біреуге жараспайды. Мен бетіме ешқашан пышақ тигізген емеспін. Бірақ өзімнің косметологым бар. Алты ай сайын міндетті түрде күтініп тұрамын.
Мен бірнеше әншілерден көрдім. Атын айтпай-ақ қояйын. Кейбіреулерге дұрыс жасалынбаған. Бірақ айта алмайсың ғой. Жасаған адамның түрін көру керек. Әр кезде әртүрлі болады. Біреудің көзі домалақ болса, оны түлкінің көзіндей қылады. Мен көрген кезде танымай да қалған кездер болды", - дейді Шаһизада.

Сондай-ақ әнші өткен жылы көзінің қабағына өзгеріс енгізгенін де жасырмады.

"Мен шынымды айтсам, былтыр көзімнің қабағын тіктіріп, реттедім. Кескен жоқпын. Оны бәрі біледі. Күнде боянғаннан кейін бояу жеп қояды ғой", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Шаһизаданың жалғыз ұлы осыдан бес ай бұрын екі баласы бар келіншегінен ажырасып, жас қызға үйленді. Баласының екінші рет шаңырақ көтергенін айтқан әнші камера алдында көз жасына ерік берген болатын.

Сіздің реакцияңыз
11
0
1
0
6
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel