RU
Көпшіліктің алдында сезімін білдірген жігіт сүйіктісімен бірге қамауға алынды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Көпшіліктің алдында сезімін білдірген жігіт сүйіктісімен бірге қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

Иран тұрғыны сауда орталығының бірінде сүйіктісіне ұсыныс жасап, полицияның назарына ілікті. Тәртіп сақшылары қос ғашықты осы әрекеті үшін қамауға алған деп хабарлайды Корреспондет басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Оқиға 8 наурызда Эрак қаласында орын алған.

Желіде тараған видеодан шашылған раушан гүлдің арасында тұрған қыз бен жігітті, сүйіктісіне сезімін білдіріп неке жүзігін таққан ер азаматты байқауға болады.

Эмоцияға берілген екі жас көпшіліктің алдында құшақтасқан.

Жұрттың алдында сезімдерін ашық көрсеткен екі жастың әрекеті полиция қызметкерлерінің назарын аударды.

Билік мұндай әрекетті "ислам заңдарына қайшы және батыстың мәдениетін насихаттайды" деп атап өтіп, ғашықтарды тұтқындаған.

Біршама уақыттан соң қыз бен жігітті кепілмен босатты. 

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
2
17
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel