RU
Дәрігер келіншек күйеуінің ауқатты адам екенін босанғаннан кейін бір-ақ білген
Жаңалықтар Әлемде

Дәрігер келіншек күйеуінің ауқатты адам екенін босанғаннан кейін бір-ақ білген

Рассказать Вконтакте

Милана есімді әйел адам күйеуінің ауқатты екенін тек ұлды болғаннан кейін білгенін айтып, қызықты оқиғасымен бөлісті. Айтуынша, әке атанған азамат әйеліне тосын сый жасап, көп жылдан бері жасырған сырын ашқан деп жазады Альтернатива сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Күйеуінің бай екенін босанғаннан кейін білген әйел оқиғасымен бөлісті

Фото: google

Қос ғашықтың махаббат хикаясы ауруханада басталған. Давид іш ауруымен ауруханаға түсіп, Милана оның дәрігері болған.

Ер адам басында оқуды жаңа ғана тәмамдаған жап-жас қызды келемеждеген. Біраз уақыттан кейін сұлудың қамқорлығына бөленген ол қызға сыйлықтар жасай бастап, кездесуге шақырған.

Көп ұзамай ғашықтар сөз байласып, некелерін қидырған. Ал араға бір жыл салып Милана өзінің жүкті екенін білген. Давидтің пәтері қала сыртында орналасқандықтан осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылар Милананың пәтерінде тұрып келген.

Ай-күні жақындаған Миланаға жұбайы тосын сый жасайтынын, бірақ, босанғанға дейін оны құпия сақтайтынын айтқан.

Перзентханадан шығар күні Давид әйелі мен ұлын лимузин мен әдемі гүл шоқтарымен қарсы алған.

"Басында мұндай әсемдікті көрген мен таңырқап қалдым. Шынымды айтсам, осынша шығындалғаны үшін күйеуіме ұрысқым келді. Бірақ артынша бағалы тастармен көмкерілген сақинаны көргенде күлімдеп кеттім.
Лимузин перзентхана аумағынан шыға сала басқа бағытта жүре бастады. Күйеуімнен қайда бара жатқанымызды сұрағаныммен, жауап ала алмадым. "Бәрін өз көзіңмен көресің" деп жауап қатты", - дейді келіншек өз сөзінде.

Милананың айтуынша, көлік зәулім ғимараттың жанына барып тоқтаған.

Кейіннен Давидтің сүйіктісі мен ұлына арнап жоғарғы қабаттағы төрт бөлмелі пәтерді сатып алғаны анықталды. Пәтердің іші қымбат жиһаз бен балалар ойыншығына лық толған екен.

Давид өзінің үлкен фирманың құрылтайшысы екенін және бұрынғы әйелі онымен тек ақша үшін бірге болғанын мойындады.

Азамат бұл жағдайды сүйіктісіне айтуға бата алмаған. Ол қызба мінезді әйелі оның қылығын түсінбей, тастап кетеді деп қорыққан.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
1
1
60
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel