RU
"Хит керек": Әли Оқапов Димаш Құдайберген жайлы ойын ашық айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Хит керек": Әли Оқапов Димаш Құдайберген жайлы ойын ашық айтты

Рассказать Вконтакте

Әли Оқапов ғажайып даусымен әлем халқын таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайдергенге өз ақылын айтты. Әнші өнердегі інісіне танымал әндердің каверін орындай бермей, авторлық хит туындыларды да көбірек жасауға кеңес берген. Бұл туралы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Әли Оқапов Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан алынды. Коллаж KAZNUR.KZ

Фото: Әли Оқапов Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан алынды. Коллаж KAZNUR.KZ

Әли Оқапов әлемге қазақ атын танытып жатқан тума таланттың өнеріне қатысты ойын ортаға салған. Айтуынша, Димашқа хит ән керек.

"Димаш дегенде біз біріншіден оның өзін, сосын даусын көз алдына аламыз. Ал Димаш осындай ән дейтіндей бірде-бір өкінішке орай әзірше ән шықпаған. Ол енді ақиқат, ол - шындық. Бірнеше бейнебаяны бар екенін білемін. Қаншама концерт те беріп жатыр.
Ең біріншіден, Димаш әлемдік әндердің каверларын орындаудан өз тыңдармандарын туып алған немесе жаулап алған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек" , - деп пікірін жасырмай білдірді Оқапов.

Айта кетейік, жақында Димаш Құдайбергеннің "Аққуым" әніне түсірілген су жаңа бейнебаяны жарыққа шыққан.

Сіздің реакцияңыз
21
5
1
2
0
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel