RU
Қыз-келіншектерге кеңес: Түктен біржола арылудың жолдары қандай?
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қыз-келіншектерге кеңес: Түктен біржола арылудың жолдары қандай?

Рассказать Вконтакте

Жаз жақындаған сайын денедегі түктен арылу мәселесі қыз-келіншектерді мазалайды. Здоровье сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ түктен біржола арылу тәсілдерін назарларыңызға ұсынады.

Қыз-келіншектерге кеңес: Түктен мәңгіге құтылудың жолдары

Көрнекі фото: zdr.ru

Технология дамыған заманда эпиляция түктен арылудың ең тиімді тәсілі.

1. Лазерлі эпиляция

Түктен ұзақ уақытқа арылудың ең тиімді тәсілі. Лазер тек түк түйіншесіне әсер етеді. Ол ұлпа мен ішкі ағзаға әсер етпейді.

Жарық энергиясы түк пигментіне ғана әсер етеді. Жарық энергиясы түк түйіншесін ыдыратады.

2. Фотоэпиляция

Бұл әдісте де қысқа жарық жарқылы түк түйіншесін ыдыратады. Алғашқы процедурадан кейін түк 25-30 пайызға азаяды.

3. Элос-эпиляция

"ELOS" деген "электрлі оптикалық ымыра" деген мағынаны білдіреді.

Эпиляцияның бұл әдісі кезінде тоқ пен жарық энергиясының импульсынан түк түйіншесі ыдырайды. Басқа сөзбен айтқанда бұл лазерлі және фотоэпиляцияның қосындысы.

Оптикалық энергия меланинге тартылып, түк пигментіне әсер етіп, оны қыздырады. Әбден қызған кезде, радиотолқын түйіншені ыдыратады.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel